ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТТІ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына құрмет ретінде тағайындалған «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі ардагерлерге табысталуда.
Майдан даласынан алыс болса да, жеңіске жетуге өлшеусіз үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің ерлігі – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі.
Олардың қажырлы еңбегі мен төзімі – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мақтаныш!
❤