ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ.

ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ САЙЛАНДЫ.

Жиынға қала әкімі Шәкір Кейкин мен қалалық мәслихат төрағасы Бейбіт Мырзағалиев қатысты.

Жиынды қалалық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Ізбасқанова Дәмелі Қалиқызы ашып, күн тәртібінде ұйымдастыру (қоғамдық кеңестің төрағасын, алқа мүшелерін, тұрақты комиссия мүшелерін сайлау) және қалалық Қоғамдық кеңестің Ережесін бекіту мәселелері қаралды.

Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Баженов Арман Сырымұлы сайланды.

Сондай-ақ Қоғамдық кеңестің экономикалық және әлеуметтік мәселелер, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері сайланды.

Атап айтсақ:
1. Экономика және бюджет, қаржы және қаржылық бақылау, кәсіпкерлікті дамыту,ветеринария,ауылшаруашылық, экология және табиғатты қорғау мәселелерін қамтитын «Экономика, бюджет, экология және аграрлық даму жөніндегі» комиссиясының құрамына :
Ахметов Жәрдем Бахуұлы – комиссия төрағасы;
Мүшелері: Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы, Дәулетов Нұрберген Әбдірешұлы, Бөлекбаев Жандос Талғатұлы, Сабыров Дәурен Сабырұлы, Серіков Нұржан Серікұлы.

2. Сәулет және қалақұрылысы, құрылыс, жер қатынастары, тұрғын ұй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары туралы мәселелерді қамтитын «Инфрақұрылым және тұрғын үй жөніндегі» комиссиясының құрамына:
Мұқанов Ерлан Сәлімгерейұлы – комиссия төрағасы;
Мүшелері: Салықбаев Кәрім Әубекерұлы, Лекеров Ғасыр Ермекұлы, Құспанов Данияр Рүстемұлы, Рыспаев Әлімжан Серікұлы, Мұқашев Жасұлан Тілегенұлы, Төлеген Айдос Ғабитұлы.

3. Жұмыспен қамту, ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет және тіл, мемлекеттік қызмет, заңдылық, құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Әлеуметтік, құқық тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» комиссиясының құрамына:
Жәрдем Қаһарман Сейлханұлы – комиссия төрағасы;
Мүшелері: Досқалиева Жаннат Зәкиқызы,Кенжеғалиева Жаңылсын Салахиденқызы, Үкібаев Нұрбек Алексейұлы, Қуанышкереев Асан Куанышкерейұлы , Ахмедьяров Нұрбек Қырғиұлы, Унгаралиева Аниса Имашқызы сайланды.

Қоғамдық-саяси жаңалықтар

Пікірлер (0)