Атырау қалалық қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Атырау қалалық қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

📌 Өткізілген орны: Атырау қаласының әкімдігі
Отырысқа қоғамдық кеңес төрағасы Баженов Арман Сырымұлы және қала әкімінің орынбасары Мукасов Мейіржан Жолдасұлы қатысты.
📝 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.«Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы»
Баяндамашы: Қала әкімі аппаратының басшысы Кадралиев Айбек Сәрсенбайұлы
2.«Атырау қаласы Мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №143 шешіміне сәйкес 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджетіне өзгерістер енгізу туралы»
Баяндамашы: Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Досқалиева Рулана Саматқызы.
Отырыста күн тәртібіндегі маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланып, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

 

Қоғамдық-саяси жаңалықтар

Пікірлер (0)