Қоғамдық кеңес отырысының кезекті отырысы өтті.

Атырау қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өзекті мәселелер қаралды
2025 жылғы 27 мамыр күні Атырау қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста қала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне тікелей әсер ететін екі өзекті мәселе талқыланды.
1. Атырау қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы
Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау барысындағы ашықтықты, жеделдік пен сапаны қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. Аталған мәселенің қаралуы — қоғамдағы өзекті проблемаларды дер кезінде анықтау, тұрғындарды мазалайтын сұрақтарға назар аудару және олар бойынша қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды. Бұл бастама Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын нақты мәселелермен толықтырып, олардың талқылануына жол ашады.
2. Атырау қаласы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу және бекіту туралы
Отырыс барысында көшпелі сауда жүргізуге арналған нақты орындарды анықтау және бекіту тәртібі талқыланды. Кеңес мүшелері кәсіпкерлерге орын бөлу кезінде конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету және санитарлық талаптардың сақталуын бақылау қажеттігін атап өтті.
Қоғамдық кеңестің талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.